Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 10
ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров
<p style="text-align: left;">Зұлқайыр Мансұров – елімізде нанокөміртек материалдары бағы­тының негізін қалаған ғалым­дардың бірі. Зерттеуші суық жалынды күйе түзілуі құбылысын ашып, көмірсутектердің жану үдерісі туралы ғылыми түсінікті дамытты.</p>

Отандық ғалым наноғылым саласындағы маңызды жаңалықтары үшін ЮНЕСКО марапатын алды. Бұл бағыт графен, фуллерен және көміртекті нанотүтікше сияқты жаңа материалдарды дамытуға жол ашады. Сондай-ақ ғалымның жетекшілігімен ондаған диссертация қорғалды. Ол – мыңнан аса ғылыми еңбек пен көптеген патенттің авторы. Оның зерттеулері экология, энергетика және медицинада қолданылып келеді.
Бөлісу: