Спорт
1 мин оқу 50

Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды

<p data-start="150" data-end="416">Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды

Финалда ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давиде Ди Веролиді (Италия) 15:14 есебімен жеңді. 

Отандасымыздың жекпе-жектер нәтижесі мынадай:

1/32 айналым: Эльмир Әлімжанов (Қазақстан) 15:14

1/16 айналым: Давид Надь (Мажарстан) 15:13

1/8 айналым: Акира Комата (Жапония) 15:11

1/4 кезең: Никита Жулинский (Қазақстан) 15:14

Жартылай финал: Тристан Тюлен (Нидерланд) 15:9

Сонымен қатар бұл жарыста алғаш рет Ұлттық құраманың 4 спортшысы – Руслан Курбанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов пен Александр Федотов ТОП-16 қатарына кірді. Хайденхаймдағы кезеңде 44 мемлекеттің 373 үздік семсерлесу шебері күш сынасып жатыр.

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

Айта кетейік, 2025 жылы Тбилиси (Грузия) қаласында өткен семсерлесуден әлем чемпионатында Ұлттық құрама тарихи жетістікке жеткен еді. 

Бөлісу:
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар