Спорт • Кеше

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

10 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

6 ақпанда Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасының намысын 10 спорт түрінен 36 атлет қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Olympic.kz спортшыларымыздың Олимпиададағы жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.

Отандастарымыз қатысатын алғашқы жарыстар 7 ақпанда басталады. Олимпиаданы Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

6 ақпан

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты

Басталуы: 00:00 (Астана уақытымен көрсетілген)

7 ақпан

Спорт түрі: шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Дарья Ряжко

Басталуы: 17:00

Спорт түрі: конькимен жүгіру, 3000 м (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева

Басталуы: 20:00

8 ақпан

Спорт түрі: шаңғы жарысы, скиатлон (ерлер)

Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков

Басталуы: 17:00

Спорт түрі: биатлон, аралас эстафета

Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Айша Ракишева, Милана Генева

Басталуы: 20:00

9 ақпан

Спорт түрі: конькимен жүгіру, 1000 м (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева

Басталуы: 21:30

Спорт түрі: шаңғымен тұғырдан секіру, қалыпты тұғыр (ерлер)

Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев

Басталуы: 23:00

10 ақпан

Спорт түрі: шаңғы жарысы, спринт (ерлер мен әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков

Басталуы: 13:15

Спорт түрі: шорт-трек

500 м (әйелдер, іріктеу), 1000 м (ерлер, іріктеу), аралас эстафета (алдын ала кезең)

Қатысушылар: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова

Басталуы: 14:30

Спорт түрі: фристайл-могул, алғашқы іріктеу (ерлер)

Қатысушы: Павел Колмаков

Басталуы: 15:15

Спорт түрі: биатлон, жекелей жарыс (ерлер)

Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов

Басталуы: 17:30

Спорт түрі: фристайл-могул, алғашқы іріктеу (әйелдер)

Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова

Басталуы: 18:15

Спорт түрі: мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (ерлер)

Қатысушы: Михаил Шайдоров

Басталуы: 22:30

11 ақпан

Спорт түрі: шаңғы қоссайысы, қалыпты тұғыр

Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров

Басталуы: 14:00

Спорт түрі: фристайл-могул, екінші іріктеу (әйелдер)

Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова

Басталуы: 15:00

Спорт түрі: шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы

Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров

Басталуы: 17:45

Спорт түрі: биатлон, жекелей жарыс (әйелдер)

Қатысушылар: Айша Ракишева, Милана Генева

Басталуы: 18:15

Спорт түрі: фристайл-могул, финал (әйелдер)

Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова

(іріктеуден сәтті өткен жағдайда)

Басталуы: 18:15

12 ақпан

Спорт түрі: фристайл-могул, екінші іріктеу (ерлер)

Қатысушы: Павел Колмаков

Басталуы: 14:00

Спорт түрі: тау шаңғысы, супергигант (әйелдер)

Қатысушы: Александра Скороходова

Басталуы: 15:30

Спорт түрі: фристайл-могул, финал (ерлер)

Қатысушы: Павел Колмаков

(іріктеуден сәтті өткен жағдайда)

Басталуы: 16:15

Спорт түрі: шаңғы жарысы, жекелей сайыс (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко

Басталуы: 17:00

Спорт түрі: конькимен жүгіру, 5000 м (әйелдер)

Қатысушы: Надежда Морозова

Басталуы: 20:30

13 ақпан

Спорт түрі: шорт-трек

500 м (әйелдер), 1000 м (ерлер) - ширек финал, жартылай финал, финал

Қатысушылар: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова

Басталуы: 00:15

Спорт түрі: шаңғы жарысы, жекелей сайыс (ерлер)

Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков

Басталуы: 15:45

Спорт түрі: биатлон, спринт (ерлер)

Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов

Басталуы: 18:00

Спорт түрі: мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (ерлер)

Қатысушы: Михаил Шайдоров

Басталуы: 23:00

14 ақпан

Спорт түрі: тау шаңғысы, алып слалом (ерлер)

Қатысушы: Ростислав Хохлов

Басталуы: 14:00

Спорт түрі: фристайл-могул, параллельді могул (әйелдер)

Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова

Басталуы: 14:30

Спорт түрі: шаңғы жарысы, эстафета (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко

Басталуы: 16:00

Спорт түрі: биатлон, спринт (әйелдер)

Қатысушылар: Айша Ракишева, Милана Генева

Басталуы: 18:45

Спорт түрі: конькимен жүгіру, командалық із кесу сайысы (¼ финал, әйелдер)

Қатысушы: Қазақстан құрамасы

Басталуы: 20:00

Спорт түрі: конькимен жүгіру, 500 м (ерлер)

Қатысушы: Евгений Кошкин

Басталуы: 21:00

Спорт түрі: шаңғымен тұғырдан секіру, биік тұғыр (ерлер)

Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев

Басталуы: 22:45

15 ақпан

Спорт түрі: шорт-трек, 1000 м (әйелдер, іріктеу)

Қатысушы: Ольга Тихонова

Басталуы: 01:00

Спорт түрі: тау шаңғысы, алып слалом (әйелдер)

Қатысушы: Александра Скороходова

Басталуы: 14:00

Спорт түрі: фристайл-могул, параллельді могул (ерлер)

Қатысушы: Павел Колмаков

Басталуы: 14:30

Спорт түрі: биатлон, із кесу жарысы 12,5 шақырым (ерлер)

Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов

Басталуы: 15:15

Спорт түрі: биатлон, із кесу жарысы (әйелдер)

Қатысушылар: Айша Ракишева, Милана Генева

(алдыңғы жарыстарда жоғары нәтиже көрсетсе)

Басталуы: 18:45

Спорт түрі: конькимен жүгіру, 500 м (әйелдер)

Қатысушылар: Кристина Силаева, Арина Ильященко

Басталуы: 21:03

16 ақпан

Спорт түрі: тау шаңғысы, слалом (ерлер)

Қатысушы: Ростислав Хохлов

Басталуы: 14:00

Спорт түрі: шорт-трек, 500 м (ерлер), 1000 м (әйелдер)

Қатысушылар: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова

Басталуы: 15:00

Спорт түрі: шаңғымен тұғырдан секіру, командалық жарыс

Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев

Басталуы: 23:00

17 ақпан

Спорт түрі: шаңғы қоссайысы, биік тұғыр

Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров

Басталуы: 14:00

Спорт түрі: фристайл-акробатика, іріктеу (әйелдер)

Қатысушы: Аяна Жолдас

Басталуы: 14:45

Спорт түрі: фристайл-акробатика, іріктеу (ерлер)

Қатысушылар: Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов

Басталуы: 17:30

Спорт түрі: шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы

Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров

Басталуы: 17:45

Спорт түрі: конькимен жүгіру, командалық із кесу (әйелдер, жартылай финалдар, финал)

Қатысушы: Қазақстан құрамасы

Басталуы: 18:52

Спорт түрі: мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (әйелдер)

Қатысушы: Софья Самоделкина

Басталуы: 22:45

18 ақпан

Спорт түрі: шаңғы жарысы, командалық спринт

Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков

Басталуы: 13:45

Спорт түрі: тау шаңғысы, слалом (әйелдер)

Қатысушы: Александра Скороходова

Басталуы: 14:00

Спорт түрі: фристайл-акробатика, финал (әйелдер)

Қатысушы: Аяна Жолдас

(іріктеуден сәтті өткен жағдайда)

Басталуы: 15:30

19 ақпан

Спорт түрі: шорт-трек, 500 м (ерлер)

Ширек финал, жартылай финал, финал

Қатысушылар: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев

(алдын ала кезеңнен өткен жағдайда)

Басталуы: 00:15

Спорт түрі: фристайл-акробатика, финал (ерлер)

Қатысушылар: Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов, Асан Асылхан

(іріктеуден сәтті өткен жағдайда)

Басталуы: 15:30

Спорт түрі: мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (әйелдер)

Қатысушы: Софья Самоделкина

Басталуы: 23:00

20 ақпан

Спорт түрі: биатлон, масс-старт (ерлер)

Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов

(алдыңғы жарыстарда жоғары нәтиже көрсетсе)

Басталуы: 18:15

Спорт түрі: конькимен жүгіру, 1500 м (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева

Басталуы: 20:30

21 ақпан

Спорт түрі: шорт-трек, 1500 м (әйелдер)

¼ финал, ½ финал, финал

Қатысушылар: Яна Хан, Ольга Тихонова

Басталуы: 00:15

Спорт түрі: фристайл-акробатика, аралас командалар

Қатысушылар: Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Аяна Жолдас, Асан Асылхан, Роман Иванов

Басталуы: 14:45

Спорт түрі: шаңғы жарысы, масс-старт (ерлер)

Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков

Басталуы: 15:00 

Спорт түрі: биатлон, масс-старт (әйелдер)

Қатысушылар: Айша Ракишева, Милана Генева

(алдыңғы жарыстарда жоғары нәтиже көрсетсе)

Басталуы: 18:15

Спорт түрі: конькимен жүгіру, масс-старт (әйелдер)

Қатысушы: Елизавета Голубева

Басталуы: 19:50

22 ақпан

Спорт түрі: шаңғы жарысы, масс-старт (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник

Басталуы: 14:00

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты

Басталуы: 00:00

Соңғы жаңалықтар