Квалификациялық жарыстың келесі кезеңіне қатысу құқығы үшін командалар Phygital Football, Phygital Basketball және Phygital Dancing секілді үш бағытта өзара бақ сынады. Жарыс күнінің қорытындысы бойынша командалық турнирлердің келесі кезеңіне қатысушылар және би бағытындағы алғашқы абсолютті чемпион анықталды.
PHYGITAL FOOTBALL
Топтық кезең сегіз матчтан тұрды, олар іріктеу серияларына және жеңімпаздар матчына бөлінді.
Іріктеу сериялары (Elimination Matches):
- A тобы: Lahore Athletics FC клубы Panther Phygx командасын жалпы 5:2 есебімен жеңді. Команда цифрлық кезеңде 3:0 есебімен жеңіске жетіп, физикалық алаңдағы 2:2 тепе-теңдігін өз пайдасына шеше алды.
- B тобы: Noname Club командасы FC Royal Haki-ді 9:3 есебімен ұтты. Жеңімпаздар цифрлық кезеңді 6:2, ал физикалық кезеңді 3:1 есебімен аяқтап, екі кезеңде де басым болды.
- C тобы: Екі дүркін чемпион JR Style командасы Misa Esports-ты жалпы 8:1 есебімен ойсырата жеңді. Команда симуляторда 5:1 есебімен ұтып, нақты алаңдағы табысын 3:0 есебімен бекемдеді.
- D тобы: FC Olympic Phygital клубы FC Ararat-Armenia командасын 4:2 есебімен жеңді. Цифрлық бөлікте 1:1 тепе-теңдігінен кейін, FC Olympic Phygital ойыншылары физикалық кезеңде 3:1 есебімен басым түсті.
Жеңімпаздар матчы (Winners' Matches):
- A тобы: Team Cyprus командасы Los Fieles-ті 6:2 есебімен жеңді. Team Cyprus командасының қақпашысы айып алаңының сыртында допты қолмен ұстағаны үшін алаңнан қуылғанына қарамастан, команда басымдықты сақтап, матч соңында дәл соққымен жеңісті бекітті.
- B тобы: Skoljke Katic командасы Oeste SP-ді минималды басымдықпен ұтты. Цифрлық кезеңдегі 0:0 есебінен кейін, Skoljke Katic физикалық текетіресте 3:2 есебімен жеңіске жетті.
- C тобы: NS Team командасы MNK клубын 6:2 есебімен жеңді. Клуб цифрлық кезеңде 2:0 есебімен жеңіп, нақты алаңда артықшылығын арттыра түсті.
- D тобы: ACF x Allur командасы KMF Titograd-ты 5:2 есебімен ұтты. Алаң иелері ACF x Allur цифрлық кезеңді 2:0 есебімен аяқтап, физикалық матчты 3:2 есебімен өз пайдасына шешті.
PHYGITAL BASKETBALL
Баскетбол бағытында сегіз кездесу өтті. Жарыс күнінің қорытындысы бойынша Triada, MINSK, Vozdovac және ZM NITUI клубтары көш бастады.
- M NITUI клубы Team Elites командасын 36:27 есебімен ұтты.
- BOCA командасы қосымша уақытта GEPCO-дан 38:29 есебімен басым түсті.
- MINSK клубы Triada ұжымын бір ұпай айырмашылығымен (28:27) артта қалдырды.
- Triada клубы Valencia Basket командасын 40:32 есебімен жеңді.
- ZM NITUI ұжымы BOCA клубын 33:30 есебімен тізе бүктірді.
- Vozdovac клубы Team Elites командасынан 36:27 есебімен басым түсті.
- Triada құрамы ARENA BULLS клубын 38:28 есебімен қапы қалдырды.
- MINSK клубы UZBEK HYPER HOOPS ұжымын 40:21 есебімен ірі есеппен жеңді.
PHYGITAL DANCING
Comfort Hotel Astana қонақүйінде фиджитал-биден финалдық жарыстар өтті. Турнир Best of Three жүйесі бойынша ұйымдастырылды.
- Бірінші жартылай финалда Sagdiyana екінші раундта 1000 ұпай айыппұл төленуіне қарамастан, Susan Huertas-ты 2:1 есебімен жеңді.
- Екінші жартылай финалда Andres Guardo, Sergio Mayta-ны 2:1 есебімен ұтты.
- Үшінші орын үшін өткен матчта Susan Huertas, Sergio Mayta-ны 2:0 есебімен жеңіп, қола жүлдені иеленді.
- Гран-финалда Andres Guardo, Sagdiyana-ны 2:1 есебімен жеңіп, дисциплина чемпионы атанды.
Phygital Dancing бағытындағы орындар:
- Andres Guardo
- Sagdiyana
- Susan Huertas
- Sergio Mayta
Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді
БОЛАШАҚ ОЙЫНДАРЫ
Phygital Contenders Astana 2026 турнирі Астанада өтетін маусымның басты оқиғасы – Болашақ ойындары 2026 (Games of the Future 2026) турниріне ресми іріктеу кезеңі мәртебесіне ие. Жарыстар цифрлық және физикалық пәндерді бірыңғай ұпай жүйесі аясында біріктіреді. Ұйымдастырушылар бұл бағытты Phygital International және Дүниежүзілік Phygital қауымдастығының (WPC) қолдауымен дамытуда. Phygital Contenders сериясындағы турнирлерде сәтті өнер көрсету командаларға Болашақ ойындары 2026 (GOTF 2026) жарысына қатысуға үміткер болу мүмкіндігін береді.

Айта кетейік, турнирдің өткізілу күндері 10-14 маусым, бағыттары – фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-би. Ұйымдастырушы: «Қазспортинвест» АҚ, құқық иесі: Phygital International.