Қылмыс • Бүгін, 10:37

Павлодар облысында жер учаскелерін заңсыз беру фактілері анықталды

1 мин
оқу үшін

Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданының прокуратурасы аумағында су объектілері мен су қорғау аймақтары орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін заңсыз беру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жер учаскелерін заңсыз беру фактілері анықталды

Фото: Ашық дереккөз

Облыс прокуратурасының мәлімдеуінше, тексеру барысында тұщы және тұзды көлдер, сондай-ақ тұз өндіруге пайдаланылатын су айдындары орналасқан 3 жер учаскесінің конкурсқа шығарылғаны анықталды. Алайда конкурс құжаттамасын әзірлеу кезінде мемлекеттік орган тарапынан арнайы рәсімдерді өткізуді және қажетті келісімдерді алуды көздейтін Су кодексінің міндетті талаптары сақталмаған.

82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды

«Нәтижесінде мүдделі тұлғаларға тек жер учаскелеріне ғана емес, жалпы аумағы 60 гектардан асатын, ерекше маңызға ие және мемлекет қорғауындағы су ресурстарына да қол жеткізу мүмкіндігін беру әрекеті жасалған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз конкурс нәтижелері жойылып, анықталған заң бұзушылықтар жойылды. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік мүдделер қорғалды», делінген хабарламада.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін ШҚО-ның Катонқарағай ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтағаны туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар