Қоғам • 08 Қаңтар, 2026

82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы құны 82 млн теңгені құрайтын жер телімі мемлекетке қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бас прокуратура мәліметінше, Сандықтау ауданының прокуратурасы жер комиссиясының қызметін талдау барысында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындыларын шығару кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Конкурстың қорытындылары үш кезеңде шығарылған. Ал қолданыстағы заңнамада конкурс өткізілгеннен кейінгі күні қорытындыларды шығару көзделген. Бұл конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігіне теріс әсер еткен.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот тәртібімен 7 жалдау шарты жарамсыз деп танылды. Нәтижесінде мемлекет меншігіне жалпы ауданы 1 400 гектар болатын, құны 82 млн теңге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайтарылды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар