Футбол • Бүгін, 09:48

Әлем чемпионаты: Оңтүстік Корея ойыншылары Чехия құрамасын жеңді

1 мин
оқу үшін

А тобында Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары кездесті. Еске салайық, қос қарсылас арасындағы ойын Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 7:00-де басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Оңтүстік Корея ойыншылары Чехия құрамасын жеңді

Фото: FIFA

«Акрон» стадионында өткен тартысты матчта Сон Хын Мин бастаған жігіттер қарсыластарынан басым түсті. Ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Осы жеңістің арқасында Оңтүстік Корея өз тобында екінші орынға көтерілді. Ал бұл топта Мексика құрамасы көш бастап тұр. 

Мексикалық футболшылар өз алаңында есе жіберген жоқ

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Mексика аумағында өтеді. Турнир 20 шілдеге дейін жалғасады.

Әлем чемпионатының ойын кестесі мен уақыты

Соңғы жаңалықтар