Спорт
1 мин оқу 20

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

<p>Италияның Милан қаласындағы &laquo;Сан-Сиро&raquo; стадионында XXV қысқы Олимпия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Астана уақытымен сағат 23:55-тен бастап бәсекенің тұсаукесер кешін еліміздің 4 телеарнасы − Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly тікелей эфирде көрсетеді.

Ұлттық құрамалар шеруінде Мемлекеттік туды Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әмренова (фристайл-могул) ұстап шығады.

с

Айта кетейік, ашылу рәсімі 4 локацияда қатар өтеді. Денис Милан қаласында, ал Аяулым шаңғы жарыстары өтетін Ливиньо коммунасындағы рәсімде болады. Салтанатты кештің тақырыбы Armonia (итальян тілінен аударғанда «гармония», «үйлесім») деп аталады.

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

Сондай-ақ биыл Олимпиада алауы алғаш рет 2 тұста тұтанады. Олар: Миландағы салтанат қақпасы мен Кортина-д’Ампеццодағы Пьяцца Ди-бона алаңы.

Милан-Кортина Олимпиадасында ел намысын 10 дисциплинада 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) қорғайды. Жалпы додаға 93 мемлекеттен 3000-ға жуық атлет қатысады. Олар 16 бағдарламада 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олимпиада 22 ақпанда мәресіне жетеді.

с

Бөлісу:
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар