Солтүстікке бетбұрыс: Қоныс аударушыларды қолдаудың жаңа форматы қандай?

Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударушыларды қоғамдық негізде қолдап, ұйымдастыру шараларын атқарып жүрген «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бурахан Дақановты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қабылдап, ел жанашырының тиімді ұсыныстарын қолдайтынын жеткізді деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Асқарбек Ертаев көші-қон үдерістерін реттеу мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл шаралар халық санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аумақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Ал Бурахан Дақанов Солтүстік Қазақстан облысында қоныс аударушылар мен қандастарға «бір терезе» қағидаты бойынша жан-жақты қолдау көрсететін Бейімдеу және интеграциялау жөніндегі мамандандырылған орталық ашуды ұсынды.
Сондай-ақ қоғам қайраткері төлқұжаттарда ұлты көрсетілмеген этникалық қазақтарды қабылдаумен айналысатын өңірлік комиссиялардың жұмысын жандандыру қажеттігін көтерген.
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді
Кездесу қорытындысында Асқарбек Ертаев Солтүстік өңірлердің еңбек әлеуетін арттыруға бағытталған ұсыныстарды қолдайтынын білдіріп, оларды жан-жақты пысықтау және іске асыру үшін Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшелеріне нақты тапсырмалар берілетінін жеткізген.
Солтүстік Қазақстан облысы