Тұлға
1 мин оқу 20

Жұлдыздай жарқ еткен қаламгер

<p style="text-align: left;">Жалынды публицист, ержүрек жауынгер Баубек Бұлқышев &ndash; қазақ аспанында жұлдыздай жарқ еткен тұлғалардың бірі. 1939 жылы &laquo;Лениншіл жас&raquo; (қазіргі &laquo;Жас Алаш&raquo;) газетінде әдеби қызметкер, &laquo;Октябрь балалары&raquo; (бүгінгі &laquo;Ұлан&raquo;) газетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарып жүргенде 1940 жылы әскер қатарына шақырылады.</p>

Жұлдыздай жарқ еткен қаламгер

Мәскеуде сапер учи­­лищесінде оқи­ды. Екінші дүние­жүзілік соғыста оқ пен оттың ортасында жүріп, «Тыңда, Кавказ», «Мен өмір сүргім ке­леді», «Шығыс ұлына хат» атты азаматтық рух­қа толы жалынды дүниелер жазады. Қазақ және орыс тілінде жетік жазатын жас қаламгер­дің мақалалары «Со­циалистік Қазақстан», «Комсомольская правда» газеттерінде жарық көрген. Майдан даласында қаламымен де, қаруымен де күрескен Баубек 1944 жылы қаза табады.

Қайсар қаламгер, жалынды жауынгердің туған жері Ұлытау ауданында Баубек Бұл­қышевтің 110 жылдығына арналған мәдени іс-шара ұйым­дастырылды. Аудан орта­лығында орналасқан Бау­бек Бұлқышев пен Мұқан Иманжанов ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.

Аудандағы «Ұлытау» сапар орталығында Баубек Бұлқышев­қа арналған «Тау ұлы» тақырыбын­да көр­ме ұйымдастырылды. Дөң­ге­лек үстел басында Баубек Бұлқы­шев­тің ұрпағы, Аман­гелді ауылы­ның тұрғыны Қанат Бай­сал­беков, Ұлытау тарихи-мә­дени және табиғи қорық-музейі­нің бас­шысы Ғалым Оспанов, ­аудан­дық тарихи-өлкетану музейі­­нің қызметкері Нұрсұлу Рай­мо­ва қаламгердің соңында қалған мұрасын арқау еткен баяндама
жасады.

Баубек Бұлқышевтің өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетілді.

Ұлытау облысы 

Бөлісу:
Жұлдыздай жарқ еткен қаламгер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар