Сегіз Олимпиадаға қатысқан

<p style="text-align: left;">Олимпиада сайысында бір рет бақ сынаудың өзі үлкен жетістік. Ал жапониялық трамплинші Нориаки Касаи 1992&ndash;2018 жылдар аралығында Қысқы Олимпиадаға 8 рет қатысқан.</p>

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Қатысып қана қойған жоқ. Ол 1994 жылы Лиллехаммерде командалық жа­рыста күміс медаль алды. Қайтпай­тын Касаи 2014 жылы Сочиде де күміске қол жеткізіп, жанкүйерін қайран қалдыр­ды. Өйткені ол кезде оның жасы 41-де еді. Олимпиадада мұндай жасқа келіп медаль алу өте сирек кездеседі. Себебі трамплин­де жылдамдық, секіру дәлдігі, ауадағы тепе-теңдік – бәрі мінсіз болуы керек. ­­Бі­рақ Касаи уақытқа дес бермей, жасы ұлғай­са да бабына келіп отырған.

Бөлісу:
Сегіз Олимпиадаға қатысқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар