Қысқы спорт
1 мин оқу 30

Қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға шықты

<p><strong>Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан іріктеу кезеңі өтті. Бұл сында отандасымыз&nbsp;Павел Колмаков сәтті өнер көрсетті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға шықты

Туризм және спорт министрлігі баспасөз  қызметінің мәліметінше, әлем чемпионатының қола жүлдегері жерлесіміз Павел Колмаков бақ сынап, 76.24 ұпаймен 9-шы орынға тұрақтады.

29 спортшы қатысқан сайыста үздік ондықтың қатарына енген спортшы финалға тікелей жолдама алды. Сәйкесінше Павел Колмаков та фристайл-могул финалында жүлдеге таласады.

Ал финалдық бәсеке 12 ақпанға жоспарланған.

Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Айта кетейік, бүгін қысқы Олимпиаданың жарыс жолына шорт-трекшілер мен шаңғышылар да шықты. Өкінішке қарай, бұл сындарда отандастарымыз келесі кезеңге өте алмады.

Бөлісу:
Қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға шықты · Egemen Qazaqstan