Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
<p><strong>Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншылар ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей жарыста өнер көрсетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </strong></p>

Бұл сайыста ел намысын Әсет Дүйсенов пен Владислав Киреев қорғады.
Құрама сапында ең үздік нәтижені Владислав Киреев көрсетті. Ол 53-орында мәреге жетті. Ал Әсет Дүйсенов жарысты 74-орында аяқтады.
Қысқы Олимпиада: Шаңғышылар спринт сынында іріктеуден өте алмады
Йохан-Олав Ботн (Норвегия) жеңіске жетті. Франция спортшысы Эрик Перро күміс медальға ие болса, қола жүлде Стурла Легрейдке (Норвегия) бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Павел Колмаков фристайл-могулдан финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.
