Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

<p style="text-align: left;">Әлемдегі ең жылдам әрі ең көп сатылған көркем кітап рекорды &laquo;Хәрри Поттер мен ажал сыйлары&raquo; романына тиесілі. 2007 жылдың 21 шілдесінде шыға салысымен бұл кітаптың 8,3 млн данасы сатылып кеткен.</p>

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Аталған кітап – «Хәрри Поттер» сериясының 7-томы, яғни ең соңғы бөлігі. Демек, оқиғаның қалай аяқталары осы кітапта жазылды. Сол себепті оқырман бұл сәтті асыға күтті. Кітап шыға салысымен дүкенге жұрт жапа-тармағай жиналды. Ұзын-сонар кезектің шегі жоқтай көрінді. Осылайша, бір кітаптың сатылымы жай сауда емес, тұтас бір мәдени оқиғаға айналды.

Бөлісу: