Қысқы спорт
1 мин оқу 40

Қысқы Олимпиада: Отандастарымыздың бүгінгі жарыс кестесі жарияланды

<p><strong>Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде жерлестеріміз спорттың 3 түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қысқы Олимпиада: Отандастарымыздың бүгінгі жарыс кестесі жарияланды

Бүгін жүлдеге таласатын ел спортшылары: 

Шаңғы қоссайысының кіші трамплиніндегі 10 км қашықтықта Шыңғыс Рақпаров өнер көрсетеді. 14:00-де сайыстың іріктеу кезеңі өтсе, финалдық бәсеке 17:45-ке жоспарланған. 

Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?

15:00-де фристайл-могулдан әйелдер бәсекесі басталады. Бұл сында ел намысын Аяулым Әміренова, Юлия Галышева мен Анастасия Городко қорғайды. Отандастарымыз іріктеуден іркілмей өтсе, 18:15-те финалда өнер көрсетеді. 

18:15-те биатлонның жекелей жарысы өтеді. Спорттың бұл түрінен Айша Рақышева мен Милана Генева жарыс жолына шығады. 

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

Айта кетейік, кеше мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 5-ші орынға тұрақтады.

Бөлісу:
Қысқы Олимпиада: Отандастарымыздың бүгінгі жарыс кестесі жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар