Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
<p><strong>Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</strong></p>

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.
Айта кетейік, күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Мемлекет басшысы маңызды жиында Үкіметке үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруды, кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексеруді доғаруды тапсырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
