Вице-Президентті кім тағайындайды?
<p><strong>Бүгін жарияланған <a href="https://egemen.kz/article/406532-qazaqstanda-dganha-konstitutsiyanynh-dgobasy-dgariyalandy">Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасында</a> Вице-Президент өкілеттігіне қатысты талаптар айқындалды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жаңа заң жобасына сай Қазақстан Республикасының Вице-Президентін депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
Ал Вице-Президент өкілеттігі кезінде саяси партияда болуына рұқсат етілмейді.
«Вице-Президенттің өз өкілеттігі кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқығы жоқ. Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Президент атынан өкілдік етеді, сондай-ақ Президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады», деп жазылған Конституцияда.