Сайлау • Бүгін, 09:42

Құрылтай депутаттары қалай сайланады?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Бұл туралы жаңа Конституцияның қорытынды жобасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылтай депутаттары қалай сайланады?

«Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Құрылтай депутаттарының кезекті сайлауы жұмыс істеп тұрған Құрылтай шақырылымының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауы Құрылтайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі», делінген Ата заңда.

Жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан адам Құрылтай депутаты бола алады. Құрылтай депутаттарының сайлауы конституциялық заңмен реттеледі. Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант береді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Еске салайық, бұған дейін Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар