Олимпиада
1 мин оқу 20
Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті
<p>Қазақстан ерлер құрамасының фристайл-могулдан көшбасшысы Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Параллель могул сайысының 1/16 финалында қазақстандық спортшы Франция өкілі Артур де Вилокурды жеңді.
Келесі қарсыласы — Олимпиада чемпионы, үш дүркін Олимпиада жүлдегері канадалық Микаэль Кингсбери болды.
Ширек финалға жолдама беретін жарыста тәжірибелі канадалық спортшы жеңіске жетті.
Осылайша, фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026-дағы жарыс жолын аяқтады.
Бөлісу:
