Спорт
2 мин оқу 30

Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңісі үшін спортшы қанша сыйақы алатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.

Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?

Еске салсақ, мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы 92,94 ұпаймен бесінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада 198,64 ұпай жинап, жалпы 291,58 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Бағдарлама барысында ол бес төрттік секіру орындады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен чемпионға 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Бұл шамамен 123,9 миллион теңгені құрайды. Күміс жүлдегерлер 150 мың доллар (74,3 миллион теңге), ал қола жүлдегерлер 75 мың доллар (37,1 миллион теңге) алады.

Сонымен қатар халық әртісі Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровты Олимпиада жеңіп алған алтын жүлдемен құттықтады, сыйға көлік беретінін айтқан еді.

Бөлісу:
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады? · Egemen Qazaqstan