Жаңалықтар
1 мин оқу 297

Қытайда соңғы 20 жылдағы ең ауқымды девальвация болды

13 08 - yuan АСТАНА. 13 тамыз. Қытайда соңғы 20 жыл ішіндегі ең ауқымды девальвация болды. Бұл туралы tribuna.ru хабарлады. Қытайдың Халық банкі юаньді 1,9 пайызға құнсыздандырды. Олардың мәлімдеуінше, девальвация бір-ақ рет өткізіледі және қайталанбайды. Бұл шара юань айналымын нарықтық еркіндікке бағыттауға көмектеседі деп күтілуде. Бұған дейін Қытайдың Халық банкі юаньнің ары кетсе 2 пайызға ғана ауытқуына жол беретін анықтамалық бағамын енгізген болатын. Соңғы реті Қытайда девальвация 1994 жылы жүргізіліпті. Айдар Өрісбаев. Дерек: tribuna.ru. Сурет: reuters.com.
Бөлісу:
Қытайда соңғы 20 жылдағы ең ауқымды девальвация болды · Egemen Qazaqstan