Ата заң
1 мин оқу 20
ЕҚЫҰ Конституциялық реформаларды қолдайды: Астанада дипломатиялық корпус үшін брифинг өткізілді
<p><strong>Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Алексей Рогов еліміздің жаңа Конституциялық жобасы жайлы дипломатиялық корпусқа арналған брифингке қатысты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Кездесу барысында құжаттың негізгі ережелері таныстырылды, соның ішінде адам құқықтарының кепілдіктерін күшейту, мемлекеттің зайырлылық қағидатын бекіту, сондай-ақ цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау және халықаралық міндеттемелерді орындау нормалары қамтылды.
«Астанадағы Бағдарламалар офисі мандатына сәйкес реформаларды ілгерілету мақсатында қабылдаушы елдің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ барлық ұлттық серіктестермен және мүдделі тараптармен ынтымақтастықты жалғастыруға өз міндеттемелерін растайды», делінген хабарламада.

Бөлісу: