Балаларға ораза ұстауға бола ма?
<p>Шариғат бойынша балиғат жасына толмаған балаларға ораза ұстау парыз емес. Алайда, денсаулығы жақсы болса, ата-ананың рұқсатымен 9-12 жастан бастап, таңнан түске дейін немесе жарты күн сияқты жеңілдетілген түрде үйренуіне болады. Баланың денсаулығына кері әсер етпеуі маңызды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мүфтияттың пәтуә бөлімінің мәлімдеуінше балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұған қатысты былай деген:
«Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан».
Алайда балаларды құлшылыққа баулу мақсатында ораза ұстатқызу – мұстахап.
Хадисте: «Біз балаларымызға ораза ұстатқызып, оларға жүннен ойыншық жасап қоятынбыз. Егер біреуі тамақ сұрап жыласа, ауыз ашар уақыты келгенше (ермек қылып отырсын деп) сол ойыншықты беретінбіз» делінеді.
