Айта кетейік, Елена Рыбакина Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, әлемнің үшінші ракеткасы атағын қайтарып алған еді.
Ал Дубай турнирінде Қазақстандық теннисші ойынды сәтті бастап, Австралиялық Кимберли Бирреллді жеңген еді.
<p>Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған теннисші Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін уақытынан бұрын аяқтайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жас хорватиялық теннисші Антония Ружичпен кездесті.
Бірінші сетте Қазақстандық 0:2 және 1:3 есебімен артта қалса да, матчтың ағымын өзгертіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Рыбакина ойынды қайта жалғастыра алмады да, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Үшінші сетте де Қазақстандық спортшы кортқа дәрігерлерді шақыртып, ойынды жалғастыра алмайтынын айтты.
Айта кетейік, Дубай турнирінің жеңімпазы 385 мың доллар, яғни шамамен 188 миллион теңге алады. Ал 1/8 финалда жарыстан шығып кеткен Рыбакина 49 250 доллар табыс тапты.