Үкіметтік емес ұйымдар үшін грантқа өтінімдер қабылдау басталды
<p>Елімізде үкіметтік емес ұйымдарға арналған екі орта мерзімді мемлекеттік грант беру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. </p>

Аталмыш қолдау қоғамдық кеңестердің әлеуетін көтеруге, жалпыұлттық бірлікті нығайту және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру қызметін дамытуға бағытталған жобаларға көрсетіледі.
Өтінімдер 2026 жылғы 18 ақпаннан 18 наурыздың сағат 18:30-ға дейін, 20 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Айта кетейік, конкурс туралы толық ақпарат пен жобаларға қойылатын талаптар cisc.kz сайтындағы «Гранттар» – «Гранттар туралы хабарландырулар» бөлімінде орналастырылған.

