АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр
<p><strong>АҚШ билігі Сирия аумағында қалған шамамен мыңға жуық сарбазын толық әкетуге дайындалып жатыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

The Wall Street Journal басылымының дерегінше, әскерді әкету шарасы шамамен екі айға созылады. Қазір АҚШ әскері елдің солтүстік-шығысындағы бірқатар базадан кетіп үлгерген. Атап айтқанда, олар Әл-Хасака провинциясындағы нысанды босатты. Бұл база тараптардың үйлестіруімен Сирия армиясының дәргейіне өткен. Бұған қоса, өткен аптада АҚШ әскерилері елдің оңтүстігіндегі ат-Танф базасынан да кеткен.
Былтыр сәуірде америкалық БАҚ Сириядағы әскер санын азайту мәселесі қарала бастағанын жазған. Сол кезде сегіз базаның үшеуін жабу, ал контингентті 2 мыңнан 1 400 адамға дейін қысқарту көзделген еді.
Сирия аумағындағы әскери операция өткен жылдың желтоқсанында басталған еді.