Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді
<p><strong>Елімізде қызылша дерегі анықталған жағдайда екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке уақытша қабылданбайды. Бұл шара инфекцияның таралуын тежеуге бағытталған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Тиісті қаулыға еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды. Құжат 19 ақпаннан бастап күшіне енді.
Қаулыға сәйкес, білім беру басқармаларының басшылары балаларды вакцинамен қамту деңгейін кемінде 90%-дан төмен түсірмеуді бақылауға, сондай-ақ білім беру ұйымдарында күн сайын «таңғы тексеріс» жүргізуге міндетті. Яғни таңертең оқушылар мен педагогтер тексеріліп, ауру белгілері бар адамдардың ғимаратқа кіруіне жол берілмейді. Сонымен бірге ата-аналарға иммундаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.
Бұдан бөлек, қызылша тіркелген жағдайда екпе алмаған балаларды балабақша мен мектептен уақытша шеттету тапсырылды.
Бұған дейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елде екпеден жаппай бас тарту салдарынан ұжымдық иммунитеттің әлсірегенін хабарлаған еді. Ресми дерекке сәйкес, қызылша жұқтырған балалардың 59%-ы ата-анасының қарсылығына байланысты вакцина алмаған.
Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді