Бұл шешім қалада қызылша ауруының күрт өсуіне байланысты қабылданды. Соңғы үш аптада 403 расталған жағдай тіркеліп, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 25,5-ке жеткен. Ауру көрсеткіші бір апта ішінде 2,8 есе артқан. Науқастардың 96%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Ауру жұқтырған балалардың 95%-ы вакцина алмаған. Олардың басым бөлігі ата-анасының екпеден бас тартуымен байланысты.
66 кадет қызылша жұқтырды: Көкшетаудағы әскери колледжде карантин енгізілді
Қаулыға сәйкес, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің вакцинация мәртебесі қайта тексеріліп, ата-анасының келісімімен екпе жүргізіледі. Сондай-ақ 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері де тексеруден өтеді. Ал 6-10 айлық сәбилерге қосымша вакцинация қарастырылған.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарында таңертеңгі медициналық сүзгі жүргізу, науқастарды оқшаулау, екпесіз балаларды қабылдауды уақытша тоқтату және жаппай іс-шараларға тыйым салу тапсырылды.