Аймақтар • Кеше

66 кадет қызылша жұқтырды: Көкшетаудағы әскери колледжде карантин енгізілді

4 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 66 кадеттің қызылша жұқтырғаны анықталды. Оқу орны осыған байланысты карантин енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

66 кадет қызылша жұқтырды: Көкшетаудағы әскери колледжде карантин енгізілді

Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы

Министрлік мәліметінше, білім алушылар қысқы демалыстан оралғаннан кейін қызылша жұқтыру фактісі тіркеле бастаған. Қазір сырқаттанған 66 кадет бейінді медициналық ұйымдардың бақылауына алынған. Екі білім алушыда ауру асқынғаны анықталып отыр.

Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті

«Науқастар мамандандырылған медициналық көмек алып жатыр, олардың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады. Колледж аумағында байланыста болған тұлғалар анықталып, оқшауланған. Барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, олардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр», делінген министрлік ақпаратында.

Әскери колледж аумағында медициналық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуге бағытталған қосымша шаралар ұйымдастырылып, жеке құрамның денсаулық жағдайына мониторинг күшейтілген.