Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
<p>Қызылордада тағы бір елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты. Арал ауданындағы Мергенсай ауылдық округінің тұрғындары әкімдік пен учаскелік полиция инспекторының бастамасын бірауыздан қолдап, салауатты өмір салтын таңдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл ауылда соңғы 3 жылда бірде бір қылмыс тіркелмепті. Мал ұрлығы мен өзге де құқық бұзушылықтар толықтай тоқтатылған. Аудан орталығынан 64 шақырым қашықтықта орналасқан бұл ауылдық округте бүгінде 118 шаңырақ тату-тәтті тіршілік кешіп келеді.
Тұрғындар бау-бақша өсіріп, төрт түлік бағып, балық шаруашылығын дамытып отыр. Ауыл әкімі Күлпаш Жолдасова округке қарасты 3 елді мекенде де сауда орындары алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатқанын айтады.
Осылайша «Заң мен тәртіп» қағидаты бастамасы аясында ауданда ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 10-ға жетіп отыр.
