«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды

Софияда өтіп жатқан «Странджа кубогінің» төртінші жарыс күнінің күндізгі сессиясында Қазақстанның тоғыз былғары қолғап шебері жұдырықтасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жекпе-жектер мынадай нәтижелермен аяқталды: Әйгерім Сәттібаева (48 кг) – Анна Охота (Украина) 0:5, Әнел Құдайберген (48 кг) – Сабина Бобоқұлова (Өзбекстан) 0:5, Жайна Шекербекова (52 кг) – Йоселин Перес (АҚШ) 0:5, Элина Базарова (54 кг) – Айшен Ташқын (Түркия) 5:0, Әнел Сақыш (54 кг) – Ана Ливия Висенте Линарес (Бразилия) 4:1, Фарух Тоқтасынов (70 кг) – Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түркіменстан) 5:0, Илья Калинин – Юри Фалькао (Бразилия) 0:5, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 кг) – Джон Макконнелл (Ирландия) 5:0 және Ертуған Зейнуллинов (65 кг) – Маркус Лютер (АҚШ) 4:1.
Естеріңізге сала кетейік, 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде ұлттық құраманың 39 cпортшысы бақ сынайды. Жарыстың төртінші күні Қазақстанның 19 былғары қолғап шебері күш сынасты.