Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) да Иран тарапынан зымырандар ұшырылғанын растады.
Израиль тұрғындарына қауіп туралы алдын ала ескерту жасалып, азаматтардан паналау орындарына жасырыну сұралды.
Еске салайық, бұған дейін Израиль Иранға алдын ала соққы жасағаны белгілі болған еді. Ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.
Ирандық БАҚ Израиль зымырандары Тегеран қаласындағы Данешгах даңғылы мен Джомхури ауданындағы нысандарға тигенін хабарлады. Сондай-ақ Пастур ауданында жарылыстан кейін түтін көтерілгені айтылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Таяу Шығысқа бағытталған барлық рейстерді тоқтатып, ұшып кеткен рейстерді кері қайтарып жатыр.
