Қоғам • Бүгін, 13:45

Air Astana Таяу Шығысқа бағытталған рейстерді тоқтатты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana әуе компаниясы 28 ақпаннан бастап Таяу Шығыс бағытындағы барлық рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеді. Ұшып кеткен кейбір рейстер кері қайтарылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Air Astana Таяу Шығысқа бағытталған рейстерді тоқтатты

28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты келесі өзгерістер енгізілді:

  • KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, KC205 және KC207 Астана – Дубай рейстері ұшу әуежайларына қайтарылып жатыр.

  • KC899 Алматы – Дубай рейсі Дели қаласына бағытталды.

  • FlyArystan әуе компаниясының FS7617 Ақтау – Дубай рейсі қосалқы әуежайға қонды.

28 ақпанға жоспарланған Таяу Шығыс бағытындағы өзге рейстердің барлығы тоқтатылды.

Айта кетейік, Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға алдын ала соққы жасады. Шабуылды елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац растады. Тегеран қаласында кемінде үш жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстар Иран астанасының орталық бөлігінде орын алған. 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30