Фото: ашық дереккөз
Қадағалау органы зейнетке шығу кезінде құқықтары бұзылған Исатай ауданындағы ауыл мұғалімдері мен балабақша қызметкерлерінен тұратын жүзге жуық адамның мүддесін қорғады.
Прокуратураның араласуынан кейін қызметкерлер заң бойынша тиесілі төлемдерін алды. Еңбек шарттары бұзылған кезде оларға жалпы сомасы 7,2 млн теңгеден асатын міндетті өтемақылар төленбеген.
Алматы облысында екі ұйымның жұмысшыларына жалақы уақытында төленбеген
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде зейнеткерлерге тиесілі қаражат толық қайтарылып, олардың құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, еңбекақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы 1-бөлігі бойынша 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, елімізде жалақысын ала алмай жүрген азаматтарға 253 млн теңге төленді.