2026 жылғы 2 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар жол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Жетісу облысы
- «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырымы аралығы (Көктұма ауылы – Достық станциясы учаскесі).
- Аталған жол бөлігінде қозғалыс 2026 жылғы 3 наурыз сағат 10:00-де қайта ашылады деп жоспарланып отыр.
Павлодар облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман жолайрығы – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын тұс) жолайрықтың өткел құрылымындағы шеткі арқалықтардың зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.
Синоптиктердің болжамынша, 2 наурыз күні еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, бұрқасын соғады, сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік және шығыс аймақтарда ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік өңірлерде қар аралас жауын-шашын күтіледі.

