Оқиға
1 мин оқу 40
Flydubai әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды
<p><strong>3 наурызда Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space"> </span><a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, рейстер Астана мен Алматы қалаларына бағытталған.
«2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай – Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланып отыр», делінген хабарламада.
Сонымен қатар Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Мединаға 2 репатриациялық рейсті және Жиддаға 2 репатриациялық рейсті орындауды жоспарлап отыр.
Бөлісу: