Өнер
1 мин оқу 0

Ертіс бойының мәдени бренді

<p style="text-align: left;">Иса Байзақов атындағы облыстық филармония биыл қос бірдей айтулы датаны атап өтеді. Өнер ордасының құрылғанына 85 жыл толса, ақын, композитор Иса Байзақов есімінің берілгеніне 55 жыл толып отыр.</p>

Ертіс бойының мәдени бренді

Өңіріміздегі іргелі өнер ордасының мерейтойлық іс-шаралары басталып кетті.  Жуықта «Әлем ырғақтары» атты джаз оркестрінің концерті және сирек кездесетін архивтік құжат­тар қойылған көрме ұйымдастырыл­ды. Көрмеде 1941 жылғы соғыс өрті тұтанған қиын-қыс­тау кезеңде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның филиалы ретінде ашылған өнер ошағының қалыптасу тарихы баяндалған.

«Біздің филармония – өңіріміз­дегі кәсіби музыка өнерінің бастауында тұрған ең көне мәдениет меке­месі. Соғыс жылдарында аспап­сыз, костюмсіз, тіпті тұрақты ғима­ратсыз жұ­мыс істеген алғашқы әртістеріміз­дің еңбегі ерен. Бүгінде филармонияда 300-ге жуық маман еңбек етіп, академия­лық өнердің іргетасын ны­ғайтып келеді», дейді филармония басшысы Аман­гелді Қожанов.

Бүгінде өнер ұжымының құра­мында Рүстембек Омаров атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, сим­фониялық және джаз оркестрлері, «Нұр», «Шернияз» би ұжымдары мен «Ретро» вокалдық тобы сияқты жалпы саны 9 шығармашылық ұжым жеміс­ті жұмыс істеп тұр. Мерейтойлық іс-шаралар 83-ші және 84-филар­мо­ниялық маусымдар бойы жалғасын тауып, күз айында үлкен гала-концертпен қорытындыланбақ. 85 жыл­дық тарихы бар өнер шаңырағы бүгін­де ұлттық дәстүр мен заманауи тренд­терді ұштастырған аймақтың басты мәдени брендіне айналып отыр.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Ертіс бойының мәдени бренді · Egemen Qazaqstan