Apple iPhone 17e смартфонын таныстырды
<p>Apple iPhone 17 желісіндегі ең қолжетімді модель – iPhone 17e смартфонын ұсынды. Бағасы 599-600 доллардан басталады, бұл елімізде шамамен 300 мың теңге. Алдын ала тапсырыс 4 наурызда, сатылым 11 наурызда басталады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа модель A19 процессорымен жабдықталған. 6 ядролы CPU iPhone 11 моделінен 2 есе жылдам. 8 ГБ жедел жады және 256 немесе 512 ГБ ішкі жады бар.
iPhone 17e 6,1 дюймдік OLED экранымен, 48 Мп негізгі камерамен және сапаны жоғалтпайтын 2 есе зуммен шықты. Видео 4K форматында секундына 60 кадрға дейін түсіреді. Алдыңғы камерасы 12 Мп.
Алғаш рет «e» моделінде MagSafe қолдауы бар. Құрылғы IP68 стандарты бойынша қорғалған және USB C арқылы 30 минутта 50 пайызға дейін зарядталады. Смартфон iOS 26 жүйесімен жұмыс істейді және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдайды. 256 ГБ нұсқасы 599-600 доллар, 512 ГБ шамамен 800 доллар тұрады.