Ауа райы
1 мин оқу 20
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды
<div class="description">Синоптиктер 5 наурызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </div>

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республика бойынша ортақ табиғи құбылыстарға желдің екпін алуы, жаяу бұрқасынның жүруі, тұман, көктайғақтың, батыста шаңды дауылдың болуы жатқызылады.
Бөлісу: