Оқиға
1 мин оқу 20

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

<p data-start="277" data-end="458"><span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">Абай облысы</span></span>нда әскери техниканы пайдалану кезінде алған ауыр жарақат салдарынан әскери қызметші көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Arnapress.kz хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 наурыз күні болған.

«Әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметші өмірімен үйлеспейтін жарақат алды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады Абай өңірлік гарнизоны.

Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Гарнизон өкілдері марқұмның отбасына белгіленген тәртіп бойынша қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Еске сала кетейік, қаңтар айында Маңғыстау облысында келісімшарттағы әскери қызметші КамАЗ жүк көлігінің астына түсіп, қаза болған. Жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта тайғақ жолда болған.

Маңғыстау облысында әскери қызметкер қаза тапты

Бөлісу:
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар