Фото: Ашық дереккөз
Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің басшысы барды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды. Тергеу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бақылауында.
Ведомство мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.
Қаперге алайық, Мемелекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында «Сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуы өркениетті елге жат үрдіс» деп айтқан еді.