Аймақтар
2 мин оқу 30

Аязды күні жолда қалған 390 адам пойызбен тасымалданды

<p><span class="s1">Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе, Ақмола және Павлодар облыстарында тасжолдардың уақытша жабылуына байланысты ҚТЖ компаниясы жолаушыларды теміржол арқылы тасымалдады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Аязды күні жолда қалған 390 адам пойызбен тасымалданды

10-12 наурыз аралығында 7 пойыз арқылы 390 жолаушы қауіпсіз орынға жеткізілді.

10 наурыз күні Астана – Павлодар учаскесінде жолаушыларды №353 «Семей – Нұрлы жол» пойызына отырғызу ұйымдастырылды. Павлодар, Екібастұз, Шідерті және Ерейментау станцияларынан Нұрлы жол станциясына дейін 44 жолаушы жеткізілді.

Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?

11-12 наурыз күндері Ақтөбе – Атырау учаскесінде бірнеше пойыз бағыты арқылы жолаушылар тасымалданды:

№692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы Ақтөбе станциясынан Қандыағаш, Алға және Бестамақ станцияларына дейін 73 жолаушы тасымалданған.

№109 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 13 жолаушы жеткізілген.

№110 «Ақтөбе – Маңғыстау» пойызы Ақтөбе станциясынан Алға және Бестамақ станцияларына дейін 117 жолаушыны тасымалдады.

№34 «Ақтөбе – Алматы» пойызы Ақтөбе станциясынан Алға және Қандыағаш станцияларына дейін 44 жолаушы жеткізілген.

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

№691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы Қарауылкелді, Шұбарқұдық, Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 35 жолаушы тасымалданды.

а

Сондай-ақ, Павлодар – Астана учаскесінде жолаушыларды тасымалдау №139 «Павлодар – Пресногорьковская» пойызымен жүзеге асырылған. Шідерті, Ерейментау, Еркеншілік станцияларынан Астана станциясына дейін 64 жолаушы жеткізілген.

ҚТЖ компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы қысқы маусым басталғалы қолайсыз ауа райына байланысты пойыздармен шамамен 2 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.

Бөлісу:
Аязды күні жолда қалған 390 адам пойызбен тасымалданды · Egemen Qazaqstan