Сеул мен Токиодағы референдум учаскелерінде қазақстандықтар дауыс бере бастады
<p><strong>Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шетелдегі референдум учаскелерінде еліміздің жаңа Конституциясы бойынша референдумде дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастады.
Жалған ақпараттар тарауы мүмкін: Министрлік референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады
Министрліктің мәліметінше, ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар.
Наурызнама онкүндігі аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өтеді
Ал Сеулде №422 және Токиода №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылған.
«Шетелдегі барлық референдум учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің каналымызда жүйелі түрде берілетін болады», делінген хабарламада.
