Жарнама
 
Референдум
1 мин оқу 20

ТМД ПАА байқаушылары: Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр

<p><strong>Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісі төрағасының орынбасары, ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі Зияфет Аббас Оглу Аскеровтің айтуынша, миссия Қазақстанда үшінші күн жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

ТМД ПАА байқаушылары: Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр

ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобы бүгін таңертең бақылау жұмысын бастап, бірнеше дауыс беру учаскесінде болған. 

Үш сағаттың ішінде 2 миллионнан астам адам дауыс берді

«Алғаш барғанымыз – №128 учаске. Оның ашылуына қатыстық. Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр. Адамдардың көңіл күйі жақсы», деді спикер ОКҚ алаңында «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында өтіп жатқан брифинг барысында.

Еске сала кетейік, бүгін республикалық референдум аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафоны өтіп жатыр. Марафон барысында Орталық коммуникациялар алаңында республикалық референдумның өту барысына қатысты ресми органдар өкілдері мен сарапшылар әр екі сағат сайын тікелей эфирд пікір білдіреді.

Бөлісу:
ТМД ПАА байқаушылары: Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр · Egemen Qazaqstan