Аймақтар
2 мин оқу 20

Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

<p data-start="102" data-end="275">Ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай және Ақтөбе облысындағы бірқатар республикалық маңызы бар тасжол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қостанай және Ақтөбе облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір республикалық маңызы бар тасжол учаскелерінде қозғалыс шектелді. 

Қостанай облысы:

  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы автожолы, 555–682 шақырым, Тобыл қаласынан Сарыкөл кентіне дейін – жүк және қоғамдық көліктер үшін.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.

  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолы, 8–218 шақырым, Тобыл қаласынан Октябрьское кентіне дейін – барлық көлік түрлері үшін.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.

  • Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолы, 234–320 шақырым, Ақтөбе облысының шекарасынан Бестөбе кентіне дейін – барлық көлік түрлері үшін.

Қозғалысты ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.

Ақтөбе облысы:

  • Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолы, 5–234 шақырым, Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін – жүк және қоғамдық көліктер үшін.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.

Бөлісу:
Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды · Egemen Qazaqstan