Ауа райы
2 мин оқу 40

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

<p><strong>Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысында бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеу қойылды. Шектеу, ең алдымен, жүк және қоғамдық көліктерге қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 17 наурыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153 шақырым аралығында (ЭКО Ойл ЖҚС – Ырғыз ауылы) көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін хабарлады.

Аталған жолды сол күні сағат 18:00-де ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ осы өңірде «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қостанай облысының шекарасы) да жабық.

Жалпы, еліміз бойынша дәл осы уақытта 2 облыстағы 5 республикалық автожол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылған.

Қостанай облысында келесі бағыттарда қозғалыс уақытша тоқтатылды:

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-320 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Бестөбе ауылы);
  • Аталған жолдың 320-501 шақырымы (Бестөбе ауылы – Рудный қаласы);
  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218 шақырымы (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы);
  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 555-682 шақырымы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 935 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Жолдағы ахуалға байланысты қосымша мәліметті 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады. 

Жаңбыр және тұман: 17 наурызда елімізде ауа райы қандай болады?

Бөлісу:
Қай өңірлерде жол жабық тұр? · Egemen Qazaqstan