Медицина
1 мин оқу 20
Елімізде нәресте өлімі 28,5%-ға азайды
<p><strong>Елімізде 2026 жылдың басынан бері туу деңгейі артып, өлім-жітім саны айтарлықтай азайған. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің тұрақты жақсарып келе жатқанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2026 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 1,8%-ға артып, жалпы өлім-жітім деңгейі 8,4%-ға төмендеген. Сондай-ақ елімізде нәресте өлімі 28,5%-ға азайған.
Ал 2026 жылдың алғашқы екі айында ана өлімі 49,4%-ға төмендеп отыр.
Бюро елімізде өлім-жітімге жиі себеп бола негізгі ауру түрлері бойынша да көрсеткіш төмендеп жатқанын жариялады:
- Қанайналым жүйесі ауруларынан – 13,9%-ға, оның ішінде жедел миокард инфарктынан – 6,5%-ға;
- Инсульттен – 7,8%-ға;
- Қатерлі ісіктерден – 7,4%-ға;
- Жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан – 2,3%-ға;
- Тыныс алу жүйесі ауруларынан –18,7%-ға тұрақты төмендеуі байқалып отыр.
Бөлісу:
