2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы 20 млн шаршы метрден асты, оның 90%-ы жеке құрылыс компаниялары арқылы салынды. Жалпы тұрғын үй қоры 447,3 млн шаршы метрге жетіп, адама басына шаққандағы тұрғын үй көлемі 25,1 шаршы метр болды.
Құрылыс секторы тек әлеуметтік-экономикалық тиімділікті ғана емес, мемлекеттік бюджеттің негізгі доноры екенін де көрсетеді. 2025 жылы ең ірі құрылыс компанияларының салық төлемдері:
-
BI Group – 90 млрд теңге, соңғы бес жылда 300 млрд теңге шамасында.
-
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы – 28,2 млрд теңге.
-
«Сенімді Құрылыс» ЖШС – 26,3 млрд теңге, жылдық салыстырмалы түрде 54,5% төмендеген.
-
BAZIS-A – 24,2 млрд теңге.
-
«Integra Construction KZ» ЖШС – 22,7 млрд теңге.
Барлық 26 ірі құрылыс компаниясы 2025 жылы жалпы 312 млрд теңгеден астам салық төлеген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары.
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Осылайша, құрылыс секторы ел экономикасының белсенділігін арттырумен қатар, бюджетке елеулі салық түсімін қамтамасыз ететін маңызды бағытқа айналды.
