Президент
1 мин оқу 50
Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды
<p><strong>Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды.
Құрама Штаттардың Президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді.
Бөлісу:
