Ауа райы
1 мин оқу 20

Қолайсыз метеожағдай: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

<p>&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері 20 наурызға арналған ауа сапасына қатысты ескерту жариялап, еліміздің бірқатар қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қолайсыз метеожағдай: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Мамандардың дерегінше, аталған күні Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеожағдайлар күтіледі.

Синоптиктердің болжауынша, елордада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын түспейді. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -8...-10 градус, күндіз +3...+5 градус шамасында болады.

Еліміздің қай өңірлерінде жол жабық?

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метрге дейін жетеді. Түнгі температура +1...+3 градус болса, күндіз +14...+16 градусқа дейін жылиды.

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Мамандар мұндай күндері ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы артып, әсіресе тыныс алу жолдарына сезімтал азаматтарға қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін ескертеді.

Бөлісу:
Қолайсыз метеожағдай: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар